2020 жылдың 19 маусымынан бастап Қарасай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі өзгерді. Орталық күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Жексенбі - демалыс.
Алматы облысының ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ жұмыс кестесін уақытша өзгертті.
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19 маусымдағы №17 қаулысына сәйкес ХҚКО-лар азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайтын болады.
Осыған байланысты Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінен қызмет алу үшін кезекті сағат 16:30-ға дейін брондау қажет.