Кеше, яғни 19 маусымда кешкі сағат 20.00-21.00 аралығында Қарасай ауданына қарасты Шалқар ауылының маңында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Кеш қарая болған апатта жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Өкінішке орай, жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды.