Қарасай ауруханасына жоспарлы емдеуге жатқызу және жоспарлы медициналық қызметтер көрсету тоқтатылды

2020-07-16 06:03:07

Қарасай аудандық орталық ауруханасында карантиннің енгізілуіне байланысты, ауданның бас дәрігері Мәулен Малғаждаровтың ағымдағы жылдың үшінші шілдесіндегі бұйрығына сәйкес, онкологиялық науқастарға, сондай-ақ емделушінің өміріне қауіп төндіретін хирургиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді қоспағанда, тәулік бойы стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу тоқтатылды, деп хабаолайды Kaskelenkz. Бұл туралы аудан әкімінің ресми сайтында хабарланды. 

"Сондай-ақ, халықты жоспарлы иммундауды, өмірлік көрсеткіштер бойынша медициналық манипуляцияларды, пациенттерді бөле отырып, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде жоспарлы медициналық қызметтер көрсету уақытша тоқтатылды. Дәрігерлер жоспарлы консультацияларды қашықтықтан өткізеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аудан тұрғындарынан медициналық көмекке тек шұғыл жағдайларда, қажеттілігіне қарай хабарласуларыңызды сұраймыз" делінген хабарламада.