Үкіметтің баспасөз қызметіне сүйенсек, ауа райы қолайлы болған соң диқандар 27 қыркүйекке дейін егін алқабының 75% немесе 13 млн гектар жердегі астықты бастыррып алған.
«Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Астықты кептіру үшін арзан дизель, сұйытылған газ жеткізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ жедел штаб отырысында 4 сортты арпа мен бидайдың бағасы қаралды», — деп хабарлайды үкімет.
Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, диқандар 20 млн тонна астық бастырып үлгерген.