Бұған дейін ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Петропавл қаласында ауруханаға көптеген жарақаты бар 4 жасар баланың келіп түскенін хабарлаған еді. Анасы баланың баспалдақтан құлап кеткенін айтқан, бірақ дәрігерлер сәбидің денесіндегі соққылар құлағаннан емес, біреуден соққы көргеннен пайда болуы мүмкін деп мәлімдеген.
Ауруханаға баласымен түскен әйел енді 6 жастағы үлкен ұлын қорғаншылық органының қызметкерлері мектептен келе жатқан кезінде күштеп алып кеткен деп кінәлап, жылап отырып бейнеүндеу жасады.
«Қорғаншылық органдары баламды тапа-тал түсте мектептен келе жатқан жерінен ұрлап кетті. Балам олармен барғысы келмей қарсыласқан, жылаған. Ол кезде мен кіші ұлыммен ауруханада жатқан едім. Олар үлкен баламды ұрлап, балалар үйіне алып кетті. Мені ауруханада күшпен ұстады», — дейді әйел.
СҚО полициясы қазір «кәмелектке толмаған балаға денсаулығына қасақана орташа зиян келтіру» бабы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
Қазір 6 жастағы ұл балаларды қолдау орталығына орналастырылған.Тергеу кезінде анасы ПД қаулысымен баланың мүдделерін білдіруден шеттетіледі. Әйел өз ұлын ұрды деген күдікке ілінгендіктен, қамқоршылық органдары одан баланы алып кеткен.