Оның айтуынша, бұл бақылаушылар 30 елден, соның ішінде 4 халықаралық ұйымнан тіркелген.
«Биыл 3 қыркүйекте қабылданған қаулының негізінде аккредитация 2024 жылдың 30 қыркүйегі күні, Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталған. Осылайша, 177 байқаушы ресми тіркеуден өтті, олар 30 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның өкілдері», — деді Мұхтар Ерман.