«Түсінбегендер аударма жасап алсын»: Ерке Есмахан қазақша сөйлегені үшін оқырмандарынан сөз естіді

2024-10-03 12:27:41

Өнер иесі оқырман қауыммен сырласып, бірнеше сұраққа жауап берді. “Неге орысша жазбайсыз. Бәрі сіздің тіліңізді түсіне бермейді?” деп сауал жолдаған оқырманын орнына қойды.

“Осыны жазып тұрған сіздің тегіңіз Жырғалбекова екен. Неге “сіздің тіліңіз” деп тұрсыз?! Қазақ тілі сіздің тіліңіз емес па?! Мен қазақпын. Қазақша сөйлеймін, жазамын. Түсінбегендер аударма жасап алсын. Қазақша сөйлеу мен үшін – сән”, – деп жазды әнші.

Өнер иесімен сырласқысы келген оқырман қарасы көп. Қазір бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырған әншіні тыңдармандары сағынған болса керек, «Жаңа ән шыға ма?» деген сұрақ та жолдаған.

“Отыра беретін сияқтымын. Өмірді басқаша сезініп бастадым. Бұрынғыдай біреуге бірдеме дәлелдегім келіп, мазасызданбаймын. Ал өзіме-өзім бәрін дәлелдедім, көңілім тоқ. Жүрегіме жақын ән болса жарыққа шығарамын, бұйырса», – деді Ерке Есмахан.

Фото: Ерке Есмаханның stories-і

Еске салайық, Ерке Есмахан голливудтық рэпердің өміріне алаңдайтынын жасырмаған еді.

 

Последние новости

03.10.2024
«Шетелдіктердің мақтағаны жақсы, бірақ тазалық өзімізге керек»: Тоқаев тазалық мәдениеті жайлы айтты
03.10.2024
Бірінші, екінші, үшінші: Тоқаев мәслихат депутаттарының негізгі міндеттерін атады
03.10.2024
Ұлттық ұлан сарбаздары Есілге секірген бойжеткенді ажалдан арашалап алды (ВИДЕО)
03.10.2024
Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек – Тоқаев
03.10.2024
Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды – Тоқаев
03.10.2024
Тоқаев бірнеше күннен кейін өтетін референдум туралы маңызды мәлімдеме жасады
03.10.2024
Саяси партиялар дауыс үшін күрессе де, су тасқыны кезінде ынтымақтың үлгісін көрсетті – Президент
03.10.2024
Ресей астық экспортын тоқтатпақ: Қазақстан дәлел келтіруді сұрады