«Егер дауыс беру тізіміне енген азаматтардың жартысынан көбі қатысса, референдум өтті деп есептеледі. Дауыс беру тізіміне дауыс беруге құқығы бар 12 миллион 244 мың 683 азамат енген Осы тізімдегі азаматтың жартысы дауыс берген жағдайда, референдум өтті деп саналады», — дейді Константин Петров.
Еске салсақ, 6 қазанда елімізде АЭС мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтеді.