«24 учаскедегі жұмыстарды бақыладық»: ТМҰ референдумға өз бағасын берді

2024-10-07 10:27:35

«Түркі мемлекеттер ұйымының миссиясында 11 байқаушы бар. Біз Қазақстанда өткен референдумды бағалау үшін 3-қазанда келдік. Алдын ала байқаулар бойынша Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесті. Ол кездесуде референдумға дайындық бойынша барлық ақпарат берілді. 34 елден 177 байқаушы тіркелгенін айтты», дейді Джафаров.

Оның айтуынша, миссия мүшелері 24 учаскедегі дауыс беруді байқаған.

«Байқаушыларға дауыс беру кезінде барлық жағдай жасалды. Миссия ұлттық байқаушылардың да ашықтықты қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс істеді. Дауыс беру кезінде есептілік пен ашықтық сақталды. Байқаушылар қоғамдық тәртіптің сақталғанын көрді, ал дауыс беру нәтижелеріне әсер ететін жағдайларды байқамады. Сондай ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай жасалғанын көрдік. Дауыс нәтижелерін санау да ұлттық заңнамаға сай өткізілді. Түркі мемлекеттерінің ұйымы референдум ашық және заңға сай өткенін хабарлайды» дейді ол.

Миссия Қазақстан азаматтарын референдумның сәтті өткенімен құттықтап, бұл қадам болашақтағы демократиялық іс шаралардың алды болатынына үміт артты.

Осыған дейін ШЫҰ миссиясы елімізде өткен референдумға қатысты өз баяндамасын оқып берді. Олар референдумды өтті деп таныды.

 

Последние новости

07.10.2024
Қазақстандықтардың 71,12 пайызы қолдаған: референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды
07.10.2024
Мұндай оқиғалар көп, бірақ ешкім тіс жармайды – секс-құлдықта болған оқушының анасымен сұхбат
07.10.2024
Жетісуда 34 млн теңгені жымқырған үш бухгалтер сотталды
07.10.2024
Алматыда мойнына электр сымын ораған ер адам көліктің астына түсіп қаза тапты
07.10.2024
Оның есімі — Хали Хайрат: Қарағанды облысындағы дала өртінен бір өрт сөндіруші қаза тапты
07.10.2024
Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінің 14-қабатынан 19 жастағы қыз құлап кетті
07.10.2024
Референдумда дауыс беру ашық әрі әділ өтті – Елнұр Бейсенбаев
07.10.2024
Бауыржан Әленов ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болды