«Әкесінен аумайды»: Алтынай Жорабаева бесінші қызын халыққа көрсетті

2024-10-14 20:27:10

 

Эстрада жұлдызы 2024 жылдың қаңтар айында бесінші қызын дүниеге әкеліп, Амина деп ат қойған еді.

“Әпкелері фотоға түсіріп жатыр. Негізі 7 қазанда жеті айға толған еді. Қолымыз тимей енді фотосессия жасап жатырмыз”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сәбиге бақытты балалық шақ тілеп жатыр.

“Көзін жауып тұрса да, әкесіне ұқсап тұр”, “Әкесінен аумайды”, “Жасыңа жас қосыла берсін”, “Алла тіл-көзден сақтасын”, “Кеше ғана туған еді, көп ұзамай бір жасқа толады”, “Алтынай ханым, қыздарың бақытыңды еселесін”, – деп жазып жатыр көпшілік.

Еске салайық, «Бұл қыз бақытыма жеткізді» деп Алтынай Жорабаева аналық арманының орындалғанын айтып, жан сырын ақтарған еді.