«Зардап шеккендер бар»: Астанада жатақхана өртенді

2024-10-15 08:27:36

Өрттен бөлмелер мен ғимараттың шатыры қызыл жалынға оранды.

«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Өртті сөндіру жұмысына ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда», — делінген хабарламада.