Үкімет кез келген нәрсе үшін референдум өткізе алмайды – Серік Жұманғарин (ВИДЕО)

2024-10-23 10:28:05

Оның айтуынша, үкімет кез келген нәрсе үшін референдум өткізе бермейді. Және, вице-премьердің айтуынша, бұл тақырып талқылаудың бүкіл сатысынан өткен.

«Шынын айтқанда, үкімет кез келген нәрсе үшін ылғи референдум өткізуге міндетті емес. Дұрыс қой? Ол үшін алқа орган бар. Уақыт белдеуіне қатысты шешім қабылдарда тиісті мемлекеттік зерттеулер жасалды. Шешім тәртіп бойынша қабылданды. Содан кейін регламент аясында петиция басталды. Петиция да тәртіп бойынша қаралды.Нақты шешім қабылданды. Менің бұған алып-қосарым жоқ», — дейді Жұманғарин.

Жұманғариннің пікірінше «жаңа уақыт белдеуі денсаулыққа зиян тигізіп, жарық үшін төленетін шығынды көбейтіп жатыр» деген аргументтер дәлелденбеген.

«Кез келген нәрсені қолдайтындар бар, оған қарсылар бар. Қарсылық танытып жатқан адамдардың айтқаны дәлелденген жоқ. Біріншіден, денсаулыққа зиян келіп жатыр деген уәждері, екіншіден, электр қуаты үшін артық төлем жүреді деген пайымдары дәлелденген жоқ. Ал, «ерте тұрып, ерте жату керек» деген аргумент —  субьективті пікір. Дегенмен, жұмыс тобы бұл мәселелерді орта мерзімді перспективада қараймыз деді. Петиция жазылды, ол қаралды, шешім қабылдады, сондықтан, бұл тақырыпты тоқтататын уақыт болды», — деді Жұманғарин.

 

Последние новости

23.10.2024
«Лаборатория Касперского»: 16% казахстанских родителей знают о случаях, когда их дети переписывались с незнакомцами в сети
23.10.2024
«Касперский зертханасы»: Қазақстандық ата-аналардың 16% — ы балаларының желідегі бейтаныс адамдармен хат жазысқан жағдайлары туралы біледі
23.10.2024
«Баласы бар еркекке тұрмысқа шықпа»: Абай Бегейдің екінші әйелі бойдақ қыздарға ой салды
23.10.2024
Қазақстан биылғы астығын қай елдерге экспорттайды
23.10.2024
Дубайдағы зәулім үй мен «Дәуір» баспасы: Назарбаевтардың келіні қандай ісімен есте қалды
23.10.2024
«Қазақтелекомға» не болды немесе неліктен Б.Мусин мыс сымдармен алысып жүр
23.10.2024
Қазақстан былтырғыдан көп астық жинады — АШМ
23.10.2024
ЦИТАТА ДНЯ