«Әркім ойына келгенін істеп жатыр»: Жаңбыршин елдегі қазба орындардың проблемасын көтерді

2024-10-23 16:27:28

«Бүгінгі сауалдың негізі – Жетібай, Шетпе, Майқайың, Сатпаев, Хромтау, Іргелі және өңірлердегі басқа да кенттердің айналасындағы карьерлердің экологиялық және техногендік проблемаларын көтеріп жүрген тұрғындардың жанайқайы. Елімізде жалпы жұмыс істеп тұрған карьерлер саны – 4784. Жұмыс істемей тұрғаны – 1371. Рекультивациядан өткендері – 610, ал рекультивация жүргізілмеген карьерлер – 694», — дейді ол.

Депутат карьерлердің проблемаларына тоқталды. Оның айтуынша, елді-мекендердің айналасын дамытуды айтпағанда, жер бедері эрозияға ұшырап, карьерлерден тараған шаң-топырақ ауыл шаруашылығына зиян келтіріп отыр. Жалпы, еліміздегі карьерлердің территориясы – 224 мың шаршы км-ді құрайды. Бұл Францияның тең жарты территориясына пара-пар аумақ.

«Еліміздегі карьерлерде техникалық қауіпсіздік шаралары тіпті сақталмай отыр. Мысалы, 2018 жылы «Алтынтау Көкшетау» және 2021 жылы Қостанай облысындағы «Качарский» карьерлерінде массивтің опырылу салдарынан екі адам қаза тапты. Шахтинск қаласының маңындағы карьердің кесірінен облыстық маңызы бар жол бұзылған және әлі күнге дейін жөнділмеген. Көптеген кәсіпорындар пайданы тауып, карьерлерді ашық-шашық күйінде тастап, рекультивация жұмыстарын мемлекеттің мойнына іліп кеткен. Оған дәлел Маңғыстаудағы Жетібай кентінің айналасындағы ұлу-тас карьерлері. Сонда заңмен қаралған рекультивация жасау үшін қаржы жинақтайтын тарату қорындағы қаржы неге кезінде жинақталмады? Тиісті мемлекеттік органдар бұл мәселелені неге қадағаламаған?», — дейді Жаңбыршин.

Депутат атағандай, Кеңес Одағынан қалған карьерлерді рекультивациялау әлі күнге дейін толық шешімін таппай отыр.

«Карьерлердің тастарын мөлшерден тыс тиеген ауыр көліктер асфальт жолдарға залал келтіріп отыр. Бюджеттің миллиардтаған қаржысына салынған жап-жаңа жолдар мерзімінен бұрын істен шығып жатыр. Көлік инспекциясы неге оларды тәртіпке салмайды? Маңғыстау облысындағы Шетпе кентінің жанында орналасқан 30-ға жуық қиыршық тас шығаратын карьерлер, Қаратауды үлкен қуатпен жаруда. Соның салдарынан ойдағы кенттің үстін бірнеше жыл шаң басады. Үйлердің қабырғалары жарылған. Бұрынғы бұлақтардың көзі жабылған. Бұл мәселе халық арасында наразылық тудырып жатыр.Президент осы мәселені реттеңдер деп 2022 жылы тапсырма берген, бірақ нәтиже жоқ. Сонда жергілікті кәсіпкерлерге бұйрық жоқ па? Әлде жергілікті құзырлы және құқық қорғау органдары оларды қорғаштап, әдейі көрмей отыр ма?», — дейді ол.

Жаңбыршиннің айтуынша, 2017 жылы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер еніп, кеңінен таралған кендік емес қатты қазба байлықтарды игеруге қатысты құзыреттер жергілікті атқарушы билікке берілді.

«Соның салдарынан қазір өңірде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға не өкілеттік, не маман жоқ?! Яғни, жер қойнауын игерушілердің беретін есептері мен мәліметтерінің сенімділігі күмәнді. Сондай-ақ, минералдық-шикізат базасының жай-күйі, мемлекеттік есепке алудың шынайлығы үлкен сұрақ тудырып отыр. Есеп дұрыс болмаса, басқару тиімсіз. Әркім ойына келгенін істеп жатыр. 2017 жылғы тиімсіз шешімдер мен заңға өзгерістер жер қойнауын пайдаланушыларға деген мемлекет тарапынан бақылауды әлсіретті. Кезінде мемлекеттік бақылау Геология комитетінің өңіраралық геология басқармаларына жүктелген болатын», — дейді Еділ Жаңбыршин.

Тіпті заңнамаларға өзгерістер еніп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан қатты қазба байлықтарды барлауға 60-тан астам рұқсат берілген.

Сонымен қатар, сол кездегі Кодекске енген өзгерістер Геология Комитетінің құзыретін шектеп тастаған.

Мысалы:

— зерттеу (обследование) және жою (ликвидация) актiлерiн қабылдау жөнiндегi комиссия құрамына өңiраралық департаменттердiң қызметкерлерi кіргізілмейді;

— «тау-кен жұмыстары жоспарын» бекіту өкілеттілігі алынған. Жоспарды жер қойнауын пайдаланушының өзі әзірлейді және бекітеді. Яғни жер қойнауын игерудің әдістері мен технологиялық шешімдер мемлекет назарынан тыс қалып отыр.

Қазақстанның кең даласын одан әрі шұрық-тесікке айналдырмас үшін, депутат Үкімет келесі шараларды тез арада қолға алуы тиіс деп санайды:

 

Последние новости

23.10.2024
Ұлықпан Жолдасов Ақбота Керімбекова қарсы шыққан Мұрат Әбділдаға 3 ән жазып берді (ВИДЕО)
23.10.2024
Қазақстанда такси қызметін жаңа өзгерістер күтіп тұр
23.10.2024
«Кім көрінгеннен жаман сөз естігіміз келмейді»: Ринат Зайытов такси қызметіне енетін өзгерістер туралы айтты
23.10.2024
Өлтіріп, суға лақытырып кеткен. Атырауда 5 күн бұрын жоғалған қыздың денесі табылды
23.10.2024
Сметовтің бапкері енді ай сайын 4 млн теңге қосымша айлық алады
23.10.2024
Маңғыстау облысының әкімдігі 40-қа жуық жетім баланы үй кезегіне қоймаған
23.10.2024
«Жүрекке ешкім жүргізе алмас әмірін»: Қайрат Нұртастың қысқа киінген әйелі көпшілікті ойландырып қойды
23.10.2024
Соғыс басталғаннан бері Украина халқы 8 миллион адамға азайған