Соғыс басталғаннан бері Украина халқы 8 миллион адамға азайған

2024-10-23 10:28:06

МӘН-ЖАЙЫ

БҰҰ-ның халық қоры 2014 жылдан бастап Украина халқы 10 миллион адамға азайғанын мәлімдеді. Оның 8 миллионы 2022-2024 жылдарға тиесілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қор оның басты себебі соғыс деп атады. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, соғыс 11 973 бейбіт тұрғынның өмірін қиды, ал 6,7 миллион азамат босқын атанды. Сондай-ақ елде туу коэффициенті бір әйелге бір бала деңгейіне дейін төмендеді. Бұл – Еуропадағы ең төменгі көрсеткіш.

БҰҰ қоры халық санағын жедел жүргізуді ұсынды. Олар мұқият демографиялық талдау жағдайды түзетудің ұзақмерзімді стратегиясын таңдауға көмектеседі деп сендірді.

ӘЛЕМДЕ

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 1,1 миллиард адам өте кедейлік жағдайында өмір сүретінін айтқан болатын.

Оның ішінде 455 миллион адам – қақтығыстар немесе тұрақсыздық бар елдерде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі Қазақстанда 2019 жылдан бері артқаны белгілі болды. 2023 жылдың II тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (яғни кедейлік деңгейі) 5,1% құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеді (4,3%).

 

Последние новости

23.10.2024
Талғарда изолятордан қашқан күдікті жиен қарындасын зорлаған болып шықты
23.10.2024
Асқар Жұмаділдаев «Еңбек Ері», Нұржан Светқали мемлекеттік сыйлық иегері атанды
23.10.2024
Астана көк түтіннен қашан арылады? — министр жауап берді
23.10.2024
Үкімет кез келген нәрсе үшін референдум өткізе алмайды – Серік Жұманғарин (ВИДЕО)
23.10.2024
«Лаборатория Касперского»: 16% казахстанских родителей знают о случаях, когда их дети переписывались с незнакомцами в сети
23.10.2024
«Касперский зертханасы»: Қазақстандық ата-аналардың 16% — ы балаларының желідегі бейтаныс адамдармен хат жазысқан жағдайлары туралы біледі
23.10.2024
«Баласы бар еркекке тұрмысқа шықпа»: Абай Бегейдің екінші әйелі бойдақ қыздарға ой салды
23.10.2024
Қазақстан биылғы астығын қай елдерге экспорттайды