Талғарда изолятордан қашқан күдікті жиен қарындасын зорлаған болып шықты

2024-10-23 10:28:05

26 жастағы күдікті 21-қазан күні қашып кеткен еді. Ол қамалғанға дейін Тереңқара ауылында тұрған. Оның үйін полиция бақылауға алып күзетіп тұр. Ал оның туыстары ешкіммен сөйлескісі келмеген.

КТК хабарлағандай, күдіктінің көршілері оның осыған дейін де істі болғанын айтады. Ол анасымен бірге тұрған, ал анасы 8-сыныпта оқитын жиен немересін өз тәрбиесіне алған. Таныстары күдікті осы жиенін зорлаған дейді.

Бұл туралы алдымен жәбірленушінің мектептегі мұғалімдері білген.

«Олардың үйінде күдіктінің жиен қарындасы тұратын. Ол өзінің зорланғаны жайлы ешкімге тіс жармаған. Себебі онымен бір үйде тұрған. Мұғалімдер жағдайды білген соң анасына хабарласқан. Зорлық-зомьбылық жазғы каникул кезінде үйінде болған екен», — дейді Фатима Өтемісова.

Изолятордың қасында тұратын талғарлықтар үрейленіп отыр. Себебі осыған ұқсас жағдайлар бірінші рет болып тұрған жоқ. Қашқындар тұрғындардың бақшасында тығылады екен.

«Күдіктілер түрмеден қашып шықса, біз жанымызды қоярға жер таппаймыз. Мен өзім үшін емес, балаларым үшін қорқамын. Полиция басқармасының аумағында видеокамералар өте көп. Бақылау-өткізу пунктінде кезекшілер тұр. Күдіктінің қалай қашып кеткені түсініксіз», — дейді Талғар тұрғыны Айжан Рахымова.

 

Последние новости

23.10.2024
Асқар Жұмаділдаев «Еңбек Ері», Нұржан Светқали мемлекеттік сыйлық иегері атанды
23.10.2024
Астана көк түтіннен қашан арылады? — министр жауап берді
23.10.2024
Үкімет кез келген нәрсе үшін референдум өткізе алмайды – Серік Жұманғарин (ВИДЕО)
23.10.2024
«Лаборатория Касперского»: 16% казахстанских родителей знают о случаях, когда их дети переписывались с незнакомцами в сети
23.10.2024
«Касперский зертханасы»: Қазақстандық ата-аналардың 16% — ы балаларының желідегі бейтаныс адамдармен хат жазысқан жағдайлары туралы біледі
23.10.2024
«Баласы бар еркекке тұрмысқа шықпа»: Абай Бегейдің екінші әйелі бойдақ қыздарға ой салды
23.10.2024
Қазақстан биылғы астығын қай елдерге экспорттайды
23.10.2024
Дубайдағы зәулім үй мен «Дәуір» баспасы: Назарбаевтардың келіні қандай ісімен есте қалды