Алматыда жаңа туған сәбиден бір келі ісік алынды

2024-10-24 12:27:17

Сәби 6 қазан күні Алматыда дүниеге келген. Сол күні ол перзентханадан Балалардың жедел медициналық жәрдем орталығына ауыстырылып, жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалды.

«Балада өте күрделі патология болды – тірек-қимыл аппаратының туа біткен кемістігі. Үлкен қатерсіз ісік – бұл сакрококцигеальды аймақтың тератомасы. Ол сүйек тінінен, жұмсақ тіннен және кисталық қуыстардан тұрды. Негізгі бөлігі сыртта, шағын бөлігі қуыс ішінде орналасты. Операция сәтті өтті», — дейді іріңді және кеуде қуысы хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Сәбидің жағдайы бірқалыпты, анасы екеуі үйіне шығуға дайындалып жатыр.

 

Последние новости

24.10.2024
«Оян, қазақ» фильмінің авторлары шетелге көшіп кетті
24.10.2024
«Соты жабық өтеді»: Қожаев Қызылордада құлдықта болған оқушы қыздың оқиғасы туралы пікір білдірді
24.10.2024
Әзірге эскизі ғана әдемі: Бектенов пен Қасымбек LRT қандай болатынын көріп қайтты
24.10.2024
Балабақшадан 15 млн теңге жымқырған: Шымкентте көпбалалы ана бірнеше жылға сотталды
24.10.2024
«Балалардың шайынан құрт шықты»: Алматы облысының оқушылары не жеп, не ішіп жүр (ВИДЕО)
24.10.2024
Ақтауда жас жігіт жыныс мүшесін шығарып, лифтіде тұрған 5 және 13 жастағы екі қызға тиіскен
24.10.2024
Қайрат Нұртастың әкесі екінші келініне салоннан Lexus сыйлады
24.10.2024
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге маңызды ескерту жасады