Қайрат Нұртастың әкесі екінші келініне салоннан Lexus сыйлады

2024-10-24 08:27:34

Нұртас Айдарбековтің екінші ұлы Аян Нұртастың әйелі Әйгерім Саркеноваға көлік сыйлағанын Instagram парақшасында жариялады.

«Баяғыда әкем мен анам айтушы еді: «Балам, ата сыйласан алдыңа келеді» деп. Сол айтқандай ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар еді ағайын», — деп жазды Нұртас Айдарбеков Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың әкесінің шешіміне ризашылықтарын білдіріп жатыр.

«Мынандай атаңа 10шақты ұл, моншақты қыз туа бергің келеді ғой. Айгерім бағың бар қыз екенсің», «Келінің жақсы болса мың бақыт деген осы болар, құтты болсын тұлпарың», «Осы келіні ұнайды, салмақты, сабырлы».