Не жасаса да әркімнің өз құқығы – Сапаровтың отставкасын талап еткендерге жауабы

2024-10-30 08:27:42

Мәжіліс кулуарынан өтіп бара жатқан Сапаров бастабында журналистерді елемей өтіп кетпек болған. Алайда тілшілер оған сұрақ қойып үлгерді.

“Сіздің отставкаңызды талап ететін петиция жариялаймыз дейді. Бұған не дейсіз” деп сұралды одан.

– Не жасаса да әркімнің өз құқығы. Мен жұмыстарды нақты жасап жатырмын. Сондықтан рақмет сіздерге, – деп кетіп қалды министр.

САПАРОВ ЖАЙЛЫ  

Министр лауазымына Сапаров 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалған.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған.

Жалпы, ол бүкіл мансабын сол аймақта өткізген. Еңбек жолын 1984 жылы совхоз бухгалтері қызметінен бастаған. Содан кейін жеке кәсіпорындарда еңбек еткен.

2006 жылы СҚО бойынша ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалған.

Сол жылы аудан әкімі лауазымын алған. 8 жыл бойы СҚО бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдан 2022 жылға дейін ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді.

Айдарбек Сейпелұлының жақын туыстары да ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Атап айтқанда, БАҚ оның ағаларына тиесілі «Ноғайбай» ЖШС (Сапаровтың өзі бір кездері бас директор болған), «Булаев Астық» ЖШС, сондай-ақ оның ұлы басқаратын «Нұр-Агро 2050» ЖШС мемлекеттік субсидия алатынын хабарлады. Бұл туралы Сапаров Ulysmedia.kz тілшісіне берген жауабында бұл серіктестіктер заң бойынша бюджеттік ақшаны алғанын айтады. «Ол ақшаны алуына қатысым жоқ» дейді.