Сарыөзекте сарбазды ұрып өлтірген офицер жеті жылға сотталды

2024-10-30 10:27:56

Әскери бөлімдегі лейтенант Жанбота Шәкіровке «билiктi асыра пайдаланды» деген айып тағылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қоғам белсендісі Ринат Рафхат бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

«Әскердегі әлімжетіктің салдарынан ауруханаға түсіп, 10 күннен кейін көз жұмған жас сарбаз Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша айыпталған лейтенант Шәкіров ҚК 451-бап «Билiктi асыра пайдалану» 2-тармағымен 7 жыл бас бостандығынан айырылды», — деп жазды ол.

Жанбота Шәкіров сотта марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады.

Еске салсақ, 2024 жылғы 13 мамырда Сарыөзек кентіндегі 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері 19 жастағы Досымжан Сәлімжанның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

 

 

Последние новости

30.10.2024
Үкімет 2025 жылы әлеуметтік салаға 10 трлн теңгеге жуық ақша жұмсамақ
30.10.2024
Алматы облысының прокуратурасы алдында қамалған қыздың анасы өзін өртеуге әрекеттенген
30.10.2024
Жаңбыр, қар, жел: Қазақстанда алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады
30.10.2024
Алдағы үш жылда Ұлттық қордан жыл сайын 2 трлн теңге алынады
30.10.2024
Қорғасқа жұрт кіре алмай, неліктен кезек күтіп қалғаны белгілі болды
30.10.2024
Қазақстандықтардың автокөлігі утиль алымға тапсырылмаған жағдайда ақшалай өтемақы немесе сертификат беріледі
30.10.2024
Айгүл Орынбек өзінің ұсталғаны туралы ақпарат шыққаннан кейін алғаш рет желіде жазба жариялады
30.10.2024
Саран қаласының жылусыз қалғаны үшін қылмыстық іс қозғала ма?