Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ пен тұман күтіледі.
«1 қарашада республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде.
Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжануда: батыста +12+17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С, ал таулы аймақтарда +3+8°С», — делінген синоптиктердің болжамында.