Бензин қымбаттай ма әрі ол азық-түлік бағасына қалай әсер етеді – Жұманғариннің жауабы

2024-10-30 08:27:42

“ТАЛҚЫЛАЙМЫЗ”

– Сенбі күні инфлцияға байланысты үлкен жиналыс өткіземіз. Азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі жағынан Қазақстан қазір екінші орында. Армения мен Қазақстанда бұл мөлшер 2,9 пайыз. Ал басқа тауарлар мен қызметтер бағасы өсті. Сол себепті сенбі күні үкіметте талқы өткізіп, қандай факторлар инфляцияға әсер ететінін қараймыз. Біздің алдымызда тұрған тапсырма – инфляция 8 пайыздан аспауы керек.

Мен бензин бағасы өседі деп ақпарат берген жоқпын. Өз тәжірибемнен айтайын, бензин бағасы азық-түлікке көп әсер етпейді. Себебі азық-түлік бағасына тасымалдау кезінде әсер ететіні – дизель отыны. Дизель отынының бағасы өссе, өз әсерін береді. Дизель отынының әсері де 5-7 пайызға дизель отыны көп әсер еткен жоқ, – дейді вице-премьер кулуарда.

ШЕКТЕУ

Бұған дейін Қазақстан кейбір мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан тыс жерге тасымалдауды шектегелі отырғаны хабарланған еді. Мұнай өнімдері экспортына тыйым салу мерзімін тағы екі жыл ұзартуға қатысты құжат 23 қазан күні «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Соған сәйкес Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізіледі.

Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, елде халық тұтынатын АИ-92 бензині мен дизель отынына сұраныс көбейген. Ал жанар-жағармай «сұр» экспортының бір айдағы көлемі 10 мың тоннаға жуықтайды. Ведомство дерегінше, Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде бензин бағасы әлдеқайда арзан (17-ден 107%-ға дейін). Осының салдарынан бензин мен дизель отынын жасырын жолмен тасымалдау көбейген.