Саран қаласының жылусыз қалғаны үшін қылмыстық іс қозғала ма?

2024-10-30 10:27:55

«Саран қаласында жылу беру кезінде аудандық қазандықта апаттық жағдай болды. Қазандықтың істен шығуына қатысты авариялық режим енгізілді. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша жедел штаб құрылды. Штаб жылу берудің резервтік жүйесін пайдалану туралы шешім қабылдады. Бірнеше күн ішінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қосымша қазандыққа көшіру қамтамасыз етілді. Комиссия қазандықта айтарлықтай маңызды нормалар бұзылғанын, оны іске қосу кезінде де бұзылу болғанын анықтады. Сондай-ақ, тұрғын үйлерге жылу беру бойынша Энергетика министрлігімен келісілмеген жұмыстар болған», — дейді ол.

Сәтқалиев атағандай, осы мәселелерге қатысты қаланың басшылығына қызметтік жауапкершілік енгізілді.

«Қылмыстық істің қозғалуына қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен өзім жедел штабты басқардым. Қазандықтағы жұмыстардың дұрыс емес жүргізілуіне қатысты барлық норма Үкіметке тапсырылды», — дейді министр.

Еске салсақ, 30 қыркүйекте Қарағанды облысында өткен аппарат кеңесінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тілектес Досаев, қалалар мен аудандардың әкімдері жылу беру маусымына дайындық аяқталғанын, барлық энергия көзі қысқы режимге көшкенін мәлімдеген еді.

Қарағанды облысында, оның ішінде Саран қаласында жылу беру маусымы 1 қазанда басталған. Алайда араға екі апта салып, Саран тұрғындары жылусыз отырғанын айтып шағымдана бастады. Қаладағы орталықтандырылған жаңа қазандық қысқа дайын болмай шыққан. Жаңа қазандықтан ақау шығуына байланысты үйлер резервтік жылу көздеріне қосылды.

Өңірдегі жағдаймен жақынырақ танысу үшін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Саран қаласына барды. 15 қазанда премьер-министр Олжас Бектенов Сарандағы қазандықтар қысқа дайын деп жалған ақпарат берген тұлғалар жазаланатынын айтты. Егер қылмыс құрамы анықталса, кінәлі адамдар қылмыстық жауапқа тартылатынын ескерткен болатын. Арада үш аптадай уақыт өткенде, яғни 17 қазан күні ғана Саран қаласына жылу берілді.

 

Последние новости

30.10.2024
Алматыда сарбазды ұрып-соғып, өлуіне әкелген лейтенантқа үкім шықты
30.10.2024
Бензин қымбаттай ма әрі ол азық-түлік бағасына қалай әсер етеді – Жұманғариннің жауабы
30.10.2024
Не жасаса да әркімнің өз құқығы – Сапаровтың отставкасын талап еткендерге жауабы
30.10.2024
Аймағамбетов: балалар «Синий трактормен» шектелмей, сапалы қазақша мультфильмдерді көруі тиіс
30.10.2024
Жаркентте ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, артынша суицид жасамақ болды
30.10.2024
«Шаштаразбыз»: Елдос Сметовтің қыздарына шашын түйгізгені елді елжіретті (ВИДЕО)
30.10.2024
Павлодарда биыл 80-нен астам адам мемлекеттік қызметті тастап кеткен
30.10.2024
Кісі өлтірген, қарақшылық, есірткі: екі күнде іздеуде жүрген 300-ге жуық адам ұсталды