Егде жастағы видеограф билеп жатқан әр адамның қасына барып, өзі де билеп видеоға түсіріп жүр. Анықталғандай, ол 69 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Тойларда видеограф қызметін атқарады. Көпшілік оның әрекетіне сүйсінген.
«Мобилографтар да қартаяды. Қазіргі заманғы ата екен. Атам кілең үлкендерді түсіретін шығар. Бетіне маска киіп алған ба десем. Ата тойды да атқарып, биді де билеп, видеоны да түсіріп жүр», — деп жазды желі қолданушылары.