Жаңа қызметкерді Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Қатаев таныстырды.
Ерлан Әлижанұлы Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, кейін Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.
Талғар ауданы прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласы түзеу мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының прокуроры қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат атты 16 жастағы баланың әкесі іс бойынша Талғар ауданының прокуроры жұмысынан кетсін деген талап қойған болатын.
Осы жағдайдан кейін Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметтерінен қуылған болатын.