Қазақстанның сыртқы қарызы 30 трлн теңгеге жуықтап қалды

2024-10-30 14:27:45

Министр сөз басында мемлекеттің сыртқы қарызы қандай көлемде екені туралы мәлімет берді.

«Қазіргі уақытта мемлекеттің борышы 28,7 трлн теңгені құрайды. Оны жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,7 пайызға жетті. Бірақ бұл келесі бес жылдықта 25 пайыздан аспайды. Санап отырмыз. Оның пайдалану тиімділігі жақсы», — дейді министр.

БАҚ өкілдері тарапынан мемлекеттің сыртқы қарызы жыл санап көбейіп бара жатқанын, оның қашан азаятыны туралы сұрақ қойылды.

«2028 жылдан бастап азая бастайды», — деп сендірді Мәди Тәкиев.

Қазақстан қарызын төлей алмайтын уақытқа жетуі мүмкін бе?

«Жетпейміз оған. Оны мемлекеттік ұйымдар дәлелдеп жатыр. Біз де қарастырып отырмыз. Оған жету үшін қанша жыл керек екенін білмеймін», — деп қаржы министрі қысқа қайырды.