Бұл туралы Талғар ауданының білім бөлімі мәлімдеді.
«Бүгінгі жер сілкінісіне байланысты барлық білім беру ұйымында сабақ болмайды, оқушылар қашықтан оқиды», — деді білім бөліміндегілер.
Ал балабақшалар штатты режимде жұмыс істеп тұр, бірақ ата-аналар қаласа балаларын үйіне алып кете алады.
Естеріңізге салайық, 5 қарашада жергілікті уақытпен сағат 10:00-де Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Алматы тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезсе, Талғар мен Есік қалаларында 4 балға жеткен. Ал басқа ауылдарда 2-3 балл сезілді.