Оңтүстік Корея президенті әйелінің артық қылығы үшін кешірім сұрады

2024-11-08 10:27:51

2023 жылдың аяғында кореялық медиада бірінші ханымға пастордың 2200 доллар тұратын Dior сөмкесін сыйға тартқаны туралы видео тараған. Осыған байланысты жанжал туғанымен президент видеоны әлдебіреулердің «саяси айласына» теңеп, кешірім сұрамаған.

Президент Юн Сок Ел эфирге шығып, әйелінің артық кеткенін мойындап, бірақ кейбір адамдардың бірінші ханымды асыра сынға алып жатқанын айтты. Ол бірінші ханымның ресми міндеттерін қадағалайтын кеңсе құруға уәде берген, дегенмен оны тергеуге қарсы екенін білдірді.

Юн Сок Елдің партияластары бірінші ханымды өзінің шектен шыққан қылықтарымен танымал болған Францияның патшайымы Мария Антуанеттамен салыстырған.

Оппазициялық партия президенттің жұбайын акциялардың бағасына манипуляция жасады деп ұзақ уақыттан бері кінәлап келеді. Жыл басында осы айыпқа байланысты президент бірінші ханымды тергеуге шақыратын заң жобасына тыйым салған.