Аталған жоба пилоттық режимде Астананың 48 емдеу мекемесінде іске қосылған екен. Ал 2025 жылдан бастап елдің барлық аймағында енгізіледі.
«Медициналық мекемелер науқасты тіркеп, бет-әлпет арқылы тексеруден өткізу үшін веб-камера сатып алуға міндеттеледі. Камералардың бағасы 3000-4000 теңге аралығында, егер қымбатын алғысы келсе, онда 15000 теңгеден басталады. Біз бағасы шамамен 4000 теңге болатын камералармен сынап көрдік, барлығы дұрыс жұмыс істеп тұрды», – деді ол.
Сонымен қатар Face ID жүйесін енгізу үшін қаржы бөлінбегенін, ал жүйені денсаулық сақтау министрлігі үш аптада жасап шыққаны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алдағы уақытта сегіз медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылатыны туралы хабарлаған едік.