Қолмен ұстап көруге болатын фотокөрме: Canon Астанада «Көзге көрінбес әлем» көрмесін ұсынады

2024-11-11 10:27:35

Canon компаниясы «Көзге көрінбес әлем» көрмесінің ашылғанын ерекше мақтанышпен хабарлайды, ол — көру қабілетіне қарамастан, келушілерді жаңа, қолжетімді және әсерлі форматта фотосурет әлеміне шомуға шақыратын бірегей фотокөрме. Көрме 8-30 қараша аралығында ÓzgeEpic креативтік хабында (Бейбарыс Сұлтан к-сі , 12а, 2 қабат) өтеді және күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін ашық.

Үш апта бойы Астана тұрғындары мен қонақтары әркімге өнерді тамашалауға тең мүмкіндік беретін инклюзивті кеңістікті зерттей алады. «Көзге көрінбес әлем» — көру қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылған Орталық Азиядағы тұңғыш көрме. Онда тактильді фотосуреттер, аудиогидтер және Брайль қарпіндегі жазулар бар, соның арқасында өнермен өзара әрекеттестіктің мүлдем жаңа форматын түзеді. Бұрын көрмені алматылықтар тамашаласа, енді астаналықтар да дәл сондай мүмкіндік болады.

«2019 жылы елдегі алғашқы әлеуметтік-мәдени кеңістік ретінде құрылған ÓzgeEpic креативтік хабы заманауи өнер түрлерін қолдайтынын мақтан тұтады және жұртшылық назарын инклюзивті бастамаларға аударуға септігін тигізеді. Біздің мақсатымыз — заманауи қазақстандық өнерді дамыту және дарынды жастарды қолдау. Біз осындай бірегей инсталляцияларды жасауға мүмкіндік берген Canon компаниясымен ынтымақтасуға қуаныштымыз және «Көзге көрінбес әлем» көрмесі өнерді инклюзивті қабылдау жолындағы маңызды қадам болады деп сенеміз», — деді хаб өкілі.

Мәліметтерге сәйкес әлемде шамамен 2,2 миллиард адам көру қабілетінің түрлі бұзылыстарына шалдыққан, сол себепті олар үшін фотосурет көбінесе қолжетімсіз дерлік. Аталмыш көрменің басты ерекшелігі — бедерлі басып шығаруды пайдалану, соның арқасында зағип келушілер әр кадрдың атмосферасын, текстурасын зерделеп, суреттерді қолмен ұстап «көре» алады. Жоғары сапалы басып шығару Canon компаниясының PRISMAelevate XL бағдарламалық жасақтамасының және Arizona сериялы принтерлерінің көмегімен жүзеге асырылған, олар фотосуреттерге жарқындық ғана емес, сонымен қатар бедер де береді, сөйтіп өнерді қолмен ұстап көруге жол ашады.

Көрменің қызықты ерекшелігі көзі көретін қонақтар өздерін көру қабілеті нашар адамдардың орнына қойып көре алады. Глаукома немесе диабеттік ретинопатия сияқты көру қабілетінің түрлі бұзылыстарын имитациялайтын арнайы симулятор көзілдіріктер келушілерге әлемді басқаша көруге көмектеседі.

«Біз Canon компаниясында сурет әлемді өзгертетін күшке ие екеніне сенеміз және жеке қабілеттеріне қарамастан, барша адамдар өздерін тең сезіне алатын үйлесімді және инклюзивті қоғам құруды мақсат етеміз. Бұл көрме біздің әлеуметтік инклюзияға деген талпынысымызды көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар көру қабілеті бұзылған адамдардың өнермен сусындау мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қолдау көрсету қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді», — деді Canon өкілі.

Көрмеде әлемге әйгілі фотографтар мен Canon амбассадорларының жұмыстары ұсынылады, мысалы Брент Стиртон (АОР), Себастьян Сальгадо (Бразилия), Ягази Эмези (Нигерия), Само Видич (спорттық фотограф), Мухаммед Мухейсен (Пулитцер лауреаты), сондай-ақ қазақстандық шебер Салтөре Сапарбаев, Wildlife Without Borders Kazakhstan қорының тең құрылтайшысы, көрмеде оның «Тау сақшысы» (қар барысының бейнесі) атты еңбегі көрсетіледі.

Салтөре Сапарбаев: «Мен үшін бұл жоба — әлемді жанасу арқылы қабылдайтын адамдарға жабайы табиғаттың күші мен сұлулығын жеткізудің бірегей мүмкіндігі. Қар барысы — біздің тауларымыздың символы, әр адам тактильді фотосуреттер арқылы оның ұлылығы мен рухтылығын сезіне алатынына сондай қуаныштымын».

Көрмеде сондай-ақ тактильді фотосуреттерді «көру» тәжірибесімен бөлісетін британдық белсенді Люси Эдвардс, Паралимпиада чемпионы Менна Фицпатрик сияқты көру қабілеті әлсіз жандардың қатысуымен түсірілген бейнероликтер көрсетіледі.

Айта кету керек, Астанадағы көрме аяқталған соң, көрменің бір бөлігі Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының бас ғимаратында (Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1) орналастырылады.

 

Canon Europe — EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) аймағында кескін өңдеу технологиялары мен қызметтерін жаһандық жеткізуші Canon Inc. компаниясының стратегиялық штаб-пәтері. Canon Europe шамамен 120 елде жұмыс істейді, қызметкерлерінің саны 12 850 адамға жуық, жыл сайын Canon компаниясының әлемдік кірісінің шамамен төрттен бірін табады

1937 жылы негізі қаланған Canon компаниясының үздіксіз инновацияларға деген ұмтылысы 80 жылдан астам тарихында кескін өңдеу сапасын биік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Компания қажет салаларға инвестиция салу, камералардан бастап коммерциялық принтерлерге дейін, өнеркәсіптік жабдықтан бастап денсаулық сақтау технологияларына дейін өсу мүмкіндіктерін пайдалану міндеттемесін мойнына алды.

Canon корпоративтік философиясы — Kyosei — «Ортақ игілік үшін бірге өмір сүріп, жұмыс істеу». EMEA аймағында Canon Europe Canon өнімдері, шешімдері мен қызметтері арқылы өзінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға және клиенттеріне қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуда қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөле отырып, бизнесті тұрақты дамытуға ұмтылады.

Canon баршаның игілігі үшін кескін өңдеу әлемін үнемі ой елегінен өткізіп отырады. Өзінің технологияларының және инновациялық рухының арқасында мүмкіндіктер шекарасын кеңейтіп, әлемімізді бұрын-соңды көрмеген қырларынан көруге көмектеседі.

Canon Europe туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: www.canon-europe.com.

 

 

 

 

 

Последние новости

11.11.2024
«Қайраттың еңбегімен келген дүние»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімованың ісіне қатысты пікір білдірді
11.11.2024
«Қазақстандық өнім»: интим видеосы тарады деген блогер буллингке қалай ұшырағанын айтты (ВИДЕО)
11.11.2024
«Бәріңді жақсы көретінімді біліп жүр»: Жамбыл облысында 17 жастағы қыз жоғарғы қабаттан секіріп кеткен
11.11.2024
Бишімбаев жазасын түрмеде өтеп жатқан жоқ деген ақпарат тарады – Қылмыстық атқару жүйесі жауап берді
11.11.2024
«Тамыр-таныс звандайтынын білем»: Елеусінов спорттағы әділетсіздікті тоқтатуға шақырды
11.11.2024
Ресей Солтүстік Корея әскерінің қатысуымен ауқымды қарсы шабуылға дайындалып жатыр – NYT
11.11.2024
Ақтауда аялдама жанында талып қалған жас жігітке куәгерлер шұғыл көмек көрсетті (ВИДЕО)
11.11.2024
ЦИТАТА ДНЯ