Марқұмның зейнетақы қорында мол қаражат қалса, оны кімдер алады?
«БЖ3Қ” АҚ төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаеваның айтуынша, алымшының жеке зейнетақы шотында қомақты сома болса, кез келген басқа меншік секілді мұраға қалады.
“Шотта қалған жинаққа қатысты мұрагерліктің екі түрі бар: заң және өсиет бойынша. Егер марқұм өсиет қалдырмаса, онда оның жинақтары заң бойынша мұраға қалады. Егер мұрагерін тағайындап кеткен болса, бірден соған өтеді. Өсиет қалмаған жағдайда, мұрагерлік тәртібі азаматтық заңнамамен анықталады.Бірінші кезектегі мұрагерлер – салымшының балалары, жұбайы және ата-анасы. Айтпақшы, тағы бір маңызды мәселе, мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануы керек. Яғни мұра қалдырушының жақындары қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде нотариусқа хабарласуы қажет. Егер бұл мерзім өтіп кетсе немесе мұрагерлер өзара келісе алмаса, сотқа жүгінуге тура келеді”, – деді маман.Марқұмның қарыздары да бірге өтеді
Сәуле Егеубаева мұрагер қажет құжаттарды ұсынатын болса, жинақтарды кез келген уақытта ала алатынын жеткізді. Ол үшін нотариусқа барып, мұрагерлік құқығы туралы куәлік алуы қажет.
“Бүгінде бұл тез арада жасалады. Қайтыс болған салымшының қалдық қаражатының болуы туралы анықтаманы, жазбаша өтініш бермей-ақ, дереу онлайн түрде алуға болады. Кейін мұрагер БЖЗҚ-ға қажет құжаттарын әкеледі. Қор мұрагердің банктік шотына қайтыс болған адамның барлық ақшасын аударуы керек”, – деп қосты ол.
Егер адам марқұмның зейнетақы қорын мұрагері ретінде алатын болса, оның қарыздары да бірге өтеді. Сол себептен кей адамдар мұндай зейнетақыны алудан бас тартып жатады.
Марқұмның зейнетақы қорындағы ақшаны ешкім алмаса қаражат қайда кетеді?
Егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер болмаса немесе мұрадан бас тартылса, зейнетақы жинақтары иесіз мүлік деп танылады. Ал иесіз қалған мүлік мұра ашылған жердегі коммуналдық меншікке, яғни мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін өмір сүрген қаланың немесе ауданның жергілікті қазынасына беріледі. Бұдан әрі бұл ақшаны уәкілетті орган коммуналдық меншікті басқаруға алады.
Мемлекет қайтыс болған адамды жерлеуге қаражат береді. Оны қалай алуға болады?
БЖЗҚ дерегінше, елімізде бірінші кезекте қайтыс болған адамның отбасына оны жерлеуге арналған біржолғы төлем беріледі. Бұл төлемді алу үшін қорға жүгіну қажет.
Заң бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері (2024 жылы бұл сома 347 048 теңгеге тең) шегінде. Бірақ жерлеуге арналған біржолғы төлем қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражаттан асырмылмайды. Бүгінде жерлеуге берілетін біржолғы төлемге өтінішті онлайн беруге болады. Ол үшін:
Жерлеуге ақы төлеуге өтініш білдірген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланыстары туралы мәліметтер болмаса ше?
Өтініш беруші растаушы құжаттарымен БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне жүгінуі тиіс. Жерлеуге арналған төлемді рәсімдеуге қажет құжаттар тізбесі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер»/Алушыларға бөлімінде орналастырылған.
Егер марқұмның артында қалған зейнетақысының қалдығы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспаса, онда бұл қаражат жерлеуге арналған төлеммен бірге біржола отбасына беріледі.
Елімізде зейнетақыны қалай тиімді жинауға болады?
Елімізде ай сайынғы жалақыдан есептелетін салымнан басқа зейнетақы қорын молырақ жинаудың өзге де тәсілдері бар. Мәселен, зейнетақы аннуитеті, бірлескен (немесе отбасылық) аннуитет әдісін қолдануға болады.
Зейнетақы аннуитеті – бұл сақтандыру ұйымдары ұсынатын өнім. Мұнда егер қаражат жеткілікті жиналса, төлемдерді өмір бойы, тіпті зейнетақы жасына жету мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік бар.
Оған сәйкес төлемдерді индекстеу мөлшерлемесінің ең төменгі мөлшері 5%-дан 7%-ға дейін, ал кірістілік мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері 6%-дан 9%-ға дейін ұлғайды. Сондай-ақ жаңа өзгерістер шеңберінде мүгедектігі бар және зиян және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы ескерілді.
Сонымен қатар «кейінге қалдырылған» зейнетақы аннуитетін 45 жастан бастап пайдалануға болады. Бірақ ол бойынша төлемдерді 55 жастан бастап ала аласыз. Бұл ретте зиян еңбек жағдайларында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар адамдар мұндай аннуитетті 40 жастан бастап алып, 50 жастан бастап төлемдермен қамтамасыз етіле бастайды.
Зейнетақы аннуитетін сонымен қатар зейнет жасына толған 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген 40 жасқа толған адамдардың жасауына болады. Ол басқа кіріс көздері жоқтарға кез-келген қажеттіліктерін төлеуге арналған.
Бірлескен (немесе отбасылық) аннуитет – бұл ресми зейнеткерлікке шықпай, жинақтарын біріктіруге және өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндік беретін сақтандыру өнімі. Мысалы, ерлі-зайыптылардың біреуінде зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық болса, ерлі-зайыптылар бірлескен аннуитетті пайдалана алады.
“Айта кетейік, егер салымшы барлық зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру компаниясына аударса және болашақта БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары жүзеге асырылмайтын болса, онда зейнетақы жасына жеткен сәттен бастап қордан төлемдер жүргізілмейді. Ал БЖЗҚ-дағы шотында артық қаржысы бар қазақстандықтар болашақта сақтандырушыдан сақтандыру төлемін де, БЖЗҚ-дан да зейнетақы ала алады”, – деп қосты Сәуле Егеубаева.Аннуитеттердің ерекшеліктері:
Сәуле Егеубаева қордағы зейнетақы жинағы қомақты болып, қария шақта лайықты төлем алуды қамтамасыз ете алатындай деңгейде болуы үшін не істеу керек екенін айтты.
“Болашағын ойлайтын азаматтар зейнетақы жинағын ерікті түрде өздері салып едәуір көбейтіп алады. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл зейнетақы капиталын айтарлықтай толықтырудың тиімді тәсілі. Атауы айтып тұрғандай, оны кез келген адам өзі үшін ғана емес, болашағы берекелі болғанын қалайтын жақындары үшін де, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларының шотына аудару арқылы да жүзеге асырса болады”, – деді ол.
Ерікті зейнетақы жарналарын заңды тұлғалар, басқаша айтсақ, жұмыс берушілер де өз қызметкерлері үшін аудара алады. Мұндай аударымдар үшін оған салық салынбайды. Жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі.