Өнер иесі әріптес-әпкесінің мейрамханадағы есебін жауып берген көрінеді.
“Кешегі кеште Мерей екеуміз үйге керек заттарды алу үшін сауда орталығына бардық. Ол жерде біздің туғандар да қыдырып жүр екен. Содан ішіндегі бір кафеге отырып, кешкі ас ішіп, енді ақшасын төлейін десем «Бүркіт аға сіз үшін төлеп қойды» дейді. Көп рақмет, көңіл деген осы ғой. Отбасыңда әрдайым тек қуаныш, береке бола берсін. Ата-анаң аман болып, ғасыр тойын тойлауға Алла нәсіп етсін. 94 мыңға сауда жасаған едік», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары қос өнерпаздың татулығына тамсанып, түрлі пікір жазып жатыр.
“Сізді сыйлайтын жандар көп”, “Бүркіт пен Аишаның отбасына береке берсін”, “Үлкендерге жасалған құрмет, еселеніп қайтсын”, “Қандай керемет көрініс”, “Сыйластықтарыңыз арта берсін”, “Інілік ізет көрсеткеннен жаман болмайды”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, әнші Бүркіт жары Аишаның қазақша сөйлегісі келмейтінін жазған едік.