Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қарағанды облысында «Қарағанды Су» ЖШС Негізгі су тазарту құрылыстарының блоктарын қайта жаңарту» жобасының ЖСҚ әзірлеу сатысында құбырлардың 5 түрінің құны артық жобаланғаны анықталды.
«Бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша жобаның мәлімделген сметалық құны 23 млрд теңгеден 16,8 млрд теңгеге дейін төмендетілді, нәтижесінде 6,1 млрд теңге үнемделді.
Сол секілді, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын талдау барысында өндіруші немесе олардың дистрибьюторлары болып саналмайтын жеткізушілердің ұсыныстары негізінде интерактивті сенсорлық панельдің құнын арттыру фактісі анықталды.
Агенттік «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-мен өзара іс-қимыл нәтижесінде панельдердің бағасы нарықтық деңгейге дейін төмендетілді, бұл 14 млрд теңге мөлшерінде артық шығынтардың алдын алуға мүмкіндік берді», — делінген ҚМА агенттігі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының мемлекеттік бюджетті тиімді пайдалану тапсырамасы аясында, Қаржылық мониторинг агенттігі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру барысында артық шығындар тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі жұмысты жүргізуде.
Аталған жұмыс жергілікті атқарушы органдармен және квазимемлекеттік сектор өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырылуда.