Тағы да уақыт мәселесі: Жаңашылдыққа тағы бір депутат қарсылық танытты

2024-11-11 14:27:35

БІРЫҢҒАЙЛЫҚ ОҢАЙ ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС

Депутат үшін уақытты өзгерту бастамасын сауда министрлігі көтергенін түсініксіз.

“Мүмкін, стандарттау орталығы осы ведомствоның қарамағында болғандықтан шығар. Дегенмен, уақытты реттеу мәселесін Ғылым министрлігі қарағаны дұрыс болар еді” деді ол фейсбук парақшасында.

Смирнова кейде жақсы ниет мүлдем күтпеген нәтижеге әкелуі мүмкін екенін айтты. Унификация билікке қашан да ұнағанын, бірыңғай уақыт ел үшін ыңғайлы болуы мүмкін, алайда бірыңғай уақыт енгізген соң кей нәрселер ескерілуі керек еді деп санайды.

ӨЗГЕРІСКЕ САЙ РЕТТЕУ

“Бүкіл елде бірыңғай уақыт енгізілгеннен кейін жұмыс, оқу, өмір режимдеріне қатысты өңірлерге сәйкес реттеу қажет еді. Кей өңірлерде жұмыс пен оқуды бір сағатқа ертерек, ал кей жерлерде кешірек бастау ұсынылуы керек еді. Ал біз еңбек министрлігінен «жұмыс уақытының қысқаруы туралы жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімі» бар екені туралы аңызды естіп отырмыз. Бұл көптеген жұмысшылар үшін қиындық тудырады, өйткені ол жалақыны төмендетеді және әрбір жұмысшы басшысына мұндай мәселемен жүгіне алмайды. Бұл оқу мәселесінде балалардың демалыс құқығын бұзу болып саналады” деген ол барлық азаматтарға бірдей тәжірибе жасауды даулы шешім деп атады.

“ЖАҚСЫ ШЕШІМ ЕМЕС”

Депутат оқушылар қараңғыда оқығаны дұрыс еместігін атап өтті.

“Мен өзім үшін айта аламын, жылдар бойы алғаш рет жақсы ұйықтап шықтым. Бір сағат маған көп нәрсе білдіреді. Бірақ сағат 15:30, 16:00-де қараңғы түсетіні тым енді. Ұстаз ретінде екінші ауысымдағы оқушылардың қараңғыда оқитынын түсінемін. Бұл жақсы шешім емес” дейді ол.

МӘЖІЛІСТЕ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ

Бұған дейін депутаттар ел арасында әлі де қызу талқыланып келе жатқан уақыт мәселесін мәжіліс мінберінен көтерген. Депутат Ринат Зайытов бірыңғай уақыт белдеуінен адамдардың әбігерге түскенін ащы мысқылмен жеткізген.

“Түнгі жарымда таң атып кетеді. Әзілдеп айтатын болсам адам түгілі әтештер әбігерге түсіп жатыр. Сондықтан осы күннің көтерілуі мен күннің батуына қарап маңдайымызға жазылған уақытқа бағынайық. Уақытты бағалай алмаған бақытқа жете алмайды дейді. Қайтадан қарастырып, оңтайлы бір шешім шығарсақ деген ұсыныс емес өтінішім бар”, – дейді Зайытов.

Ал оның мәжілістегі әріптесі Дәулет Мұқаев бұл қадам үнемге емес, керісінше шығынға әкеліп соғып жатыр деп есептейді.

“Ертеңгі күні міне күн мен түн теңесе бастайды ғой қазан айында. Сол кезде не болады? Сол кезде төрт жарымда қараңғы батады. Ал қараңғы батқан кезде не істейміз біз? Бүкіл үй коммуналды мекеме, мектеп болсын жарық қосамыз. Ал біз айтамыз қазір энергияны үнемдеу керек дейміз. Қайдағы энергия үнемделген логикаға сыймайды”, – деді Дәулет Мұқаев.

ЖАҢА УАҚЫТ БЕЛДЕУІ

Қазақстан биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. Алайда бұл барлық тұрғынға бірдей қолайлы болмай шықты. Қазақстандықтар тіпті уақытты кері қайтару туралы петиция жариялап, оған қысқа уақытта 50 мың қол жиналған.

Бірақ үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне өтудің дұрыстығын қайталаудан танбай келеді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәліметінше, қолданыстағы UTC + 5 сағаттық белдеуі Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі табиғи күн циклдеріне сәйкес келеді.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына әсер етеді әрі электр энергиясын шамадан тыс тұтынуға алып келеді деген уәж расталмады деген.

 

Последние новости

11.11.2024
«Балам – күшті, келінім – оңбаған»: Айгүл Иманбаева енелерге үндеу жасады
11.11.2024
Қазақстанда орташа айлық жалақы 390 мың теңге – Ұлттық статбюро
11.11.2024
Атырауда бойжеткеннің денесі 20 күннен бері табылмай жатыр
11.11.2024
Қайтыс болған каратэ жаттықтырушысының ата-аналары мен балалары оның әйелімен соттасты
11.11.2024
«Өліміне күйеуін итермелеген Салтанаттың өзі»: желі қолданушысының басы дауға қалды
11.11.2024
Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық аймағында қар жауады – ауа райы болжамы
11.11.2024
Миллиардтаған теңге орынсыз жұмсалмақ болған: Қазақстанда 34 жобаның құны негізсіз көтерілген
11.11.2024
Состоялась премьера клипа на песню «Добро пожаловать в рай» — саундтрек к сериалу-скандалу «Дайте шоу»