Синоптиктер болжамынша, еліміздің барлық дерлік аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады; Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болжанады.
«Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, елдің басым бөлігінде екпінді жел күтіледі. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты қар, 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы болжанады. Тек батысында, 14 қарашада елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сол сияқты еліміздің батыс облыстарында ауа температурасының түнде 0-11 аяздан 8 градус аяз -3 градус жылуға дейін, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-ден 3-15 аязға дейін, күндіз 5-12-ден 0-8 аязға дейін, республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасының түнде 10-25 аязға дейін, күндіз 5-16 аязға дейін төмендеуі күтіледі, 14 қарашада түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 2-13 аязға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады, түнде 6 градус жылудан — 6 градус аяздан, 1-10 аязға дейін, күндіз 3 градус аяз — 5 градус жылуға дейін», — делінген ауа райы болжамында.