Алматыда фотостудияда 4 жасар қыздың үстіне 80 кг айна құлаған: Баланың анасы фотостудияны салғырттығы үшін кінәлайды (видео)

2024-11-11 16:27:20

Алматылық Сарбиназ 25 қазанда “Еtage15” атты фотостудияға күйеуі, 4 және 1,5 жасар қызымен келген.

“Фотостудияға келгеннен кейін 20 минуттан соң қатты дүрсіл естілді. Қарасам, қызым Алая сынған әйнектердің арасында қан-қан болып жатыр. Оның үстіне 80 келілік айна құлады. Айнаны бекітпей, қабырғаға қисайтып, сүйеп қойған екен. Ол туралы ескерткен жоқ, жай тиіп кеткенде құлауы мүмкін”, – деді Алаяның анасы.

Қызды жедел жәрдем алып кеткен. Оның беті мен қабағы қатты кесілген, миы шайқалған. Әйел фотостудия басшылығының әрекетіне наразы. Сөзінше, ондағы ер адам дөрекілік танытып, әйелдің өзін кінәлаған.

“Жедел жәрдемнен соң фотостудиядан 1,5 жасар қызымды алып кетуге келдім. Ер адам өзін фотостудия басшысымын деп таныстырды. Мен одан айнаны неге қабырғаға бекітпегенін сұрадым, ол дөрекілік танытып, өзімді кінәлі етті, боқтық сөздер айтты. Олар қызмет көрсеткесін қауіпсіздікке жауапты болуы керек. Балалармен келетінімізді білді. Сол айна 1,5 жасар балама да құласа не болар еді?”, – деді ол.

Сөзінше, фотостудия тарапы кешірім сұрап, хабарға да шықпаған. Енді ана іс аяқсыз қала ма деп қорқады.

Stan.kz тілшісі жағдайға байланысты полиция департаментінен пікір сұрады.

“Аталған дерек бойынша Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіп жатыр.  Іс-шаралар кешенінің қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Последние новости

11.11.2024
«Келді қайтып, жексұрын болып»: әнші Мөлдір Әуелбекова алғашқы некесінің сәтсіздігі туралы айтты
11.11.2024
Тағы да уақыт мәселесі: Жаңашылдыққа тағы бір депутат қарсылық танытты
11.11.2024
«Балам – күшті, келінім – оңбаған»: Айгүл Иманбаева енелерге үндеу жасады
11.11.2024
Қазақстанда орташа айлық жалақы 390 мың теңге – Ұлттық статбюро
11.11.2024
Атырауда бойжеткеннің денесі 20 күннен бері табылмай жатыр
11.11.2024
Қайтыс болған каратэ жаттықтырушысының ата-аналары мен балалары оның әйелімен соттасты
11.11.2024
«Өліміне күйеуін итермелеген Салтанаттың өзі»: желі қолданушысының басы дауға қалды
11.11.2024
Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық аймағында қар жауады – ауа райы болжамы