Полиция қызметкерлері осы әдіспен 17 адам алданғанын анықтады.
БҚО ПД мәліметінше, топ үш күдіктіден тұрды, олардың бірі мұғалімдердің қызметін талқылау үшін құрылған WhatsApp қосымшасы арқылы жалпы чатқа кірген. Хат-хабарларды қарап шыққаннан кейін олар чатқа қатысушыларға жеке хабарласа бастайды. Өзін олардың баласымын деп таныстырып, телефоны өшіп қалғанын айтып, ақша аударуын сұрады.
Салдарынан кейбірі карта мәліметтерін және CVV кодтарын жіберген. Артынша алаяқтар жәбірленушілердің есеп шоттарынан ақша алып, қолма-қол ақшаға айырбастап отырған.
«Қазіргі таңда 17 алаяқтық фактісі тексеріліп жатыр. Зардап шеккендердің арасында басқа облыстардың тұрғындары да бар. Шабуыл жасаушылардың әрекетінен келтірілген жалпы шығын шамамен 10 миллион теңгені құрайды.
Полиция азаматтарға бейтаныс адамдармен телефон арқылы сөйлескенде ғана емес, жалпы чаттарда да сақ болуды қатаң түрде ұсынады», — делінген хабарламада.