«Мұқият зерттеуге шақырамын»: Аида Балаева волонтер Перизат Қайрат ұсталған соң пост жазды

2024-11-14 16:27:35

БАЛАЕВА НЕ ДЕЙДІ

Министрдің жазуынша, волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр.

– Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтық пен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын, – дейді ол.

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТТЫҢ ҰСТАЛУЫ

Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратты тергеп жатыр. “Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде” делінген агенттік таратқан ақпаратта. Ведомствоның хабарлауынша, қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылған. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге «Mercedes-Benz S450», 80 млн теңгеге «Lexus LX-600» және 39 млн теңгеге «Haval» автокөліктерін сатып алған.

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ЖАЙЛЫ

Әлеуметтік желіде Перизат Қайратқызы 32 жаста екенін, Ақтөбе қаласының тумасы екенін жазады. Мектепті Ақтауда бітірген. 2015 жылы Астанаға көшкен. Британ университетінің бизнес-менеджмент мамандығы бойынша түлегі. 2016 жылдан бастап БАӘ-де, атап айтқанда, Абу-Даби қаласының түрлі компанияларында 4 жыл жұмыс істеген. Содан кейін әкімдікте, саяси партияда және ҮЕҰ сияқты түрлі құрылымдарда еңбек еткен.

Еске сала кетейік, 2024 жылы сәуірде болған су тасқыны кезінде BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат «мемлекеттен көмек болмады» деп президентке шағымданған еді.

– Құрметті президент Қасым-Жомарт Тоқаев! 18 күн қатарынан жұмыс істеп жүрміз, бірақ мемлекеттен бір тамшы көмек көрмей келеміз. Ірі компаниялардан бөлінген ақша қайда?! Бұл ақшаның кем дегенде 10 пайызын беріңіз. Еріктілермен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті техниканы жедел жеткіземіз. Адамдардың сабыры таусылды. Шұғыл әрекет етіңіз. Мен алғаш рет мемлекетіміз үшін ұялдым. Қала, облыс, кем дегенде, көмек алады. Бірақ әр түрлі аудандардың жекелеген ауылдары 19 күн қатарынан көмек пен азық-түлік күтіп отыр. Бейбіт уақытта өз халқын нансыз қалай қалдыруға болады?! – деген еді ол шағымында.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ

Еске салайық, биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын тасқындардың бірі болды. Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Ел бойынша 19 мыңнан астам тұрғын үй қирады.

Су тасқынымен күреске 63 мыңнан астам күш құрылымдарының қызметкері қатысты.

Құтқару операциялары барысында 120 мыңнан астам адам, соның ішінде 40 мың бала эвакуацияланды.

 

Последние новости

14.11.2024
Таксистерді қандай талап күтіп тұрғаны белгілі болды
14.11.2024
Көлік жүргізушілер үшін жаңалық; ІІМ жаңа жүйе енгізді
14.11.2024
«2,5 млн теңге»: премьер-министр мен орынбасарларының айлығы белгілі болды
14.11.2024
Блогер Дархан Жолшыбеков әйеліне салоннан 150 млн теңгенің «гелендвагенін» сыйлады
14.11.2024
«Тағы бір төсек қатынасынан бас тартқан»: Тараздағы екі әйелдің жантүршігерлік өлімі қалай болған
14.11.2024
Шымкентте 39 жастағы ана оныншы баласын дүниеге әкелді
14.11.2024
Ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
14.11.2024
«Үш сарбаз жабылып соққыға жықты дейді»: Жаркентте әскери бөлімше капитанының мәйіті табылды