«Тағы бір төсек қатынасынан бас тартқан»: Тараздағы екі әйелдің жантүршігерлік өлімі қалай болған

2024-11-14 14:27:48

Дереккөздің жазуынша, екі әйелді аяусыз пышақтап өлтірген жігіт 1996 жылы туған Павел Ш. есімді азамат. Қылмыс болатын түні ол өзі өлтірген әйелмен әлеуметтік желіде танысқан.

«Қаза тапқан екі әйел жеңіл жүрісті болған. Олардың үлкені, яғни, Света есімді әйел 2010-2016 жылдар аралығында жеңгетай болғаны үшін тізімде тұрған. Қаза тапқан екінші әйел, яғни, Айман есімді келіншек сол Светаның қол астында жұмыс істеген. Жезөкше болған», — деп жазады басылым.

Марқұмдардың екеуі де Жамбыл облысы Меркі ауданында туған. Екеуі бірігіп айына 100 мың теңгеге пәтер жалдаған екен.

«2024 жылдың 5 қарашасында Айман «Друг вокруг» әлеуметтік желісінде Павел деген ер адаммен танысқан. Сөйлескен кезде әйел жезөкше екенін, бір рет қатынасқа түскені үшін 7000 теңге алатынын айтқан. Түнгі сағат 01.30-да жігіт қолында ішімдігі бар Айманға келген. Оның ақшасын төлеп, бір рет төсектес болған. Алайда, оған «тоймай» қалған Павел әйелге «ақшасын артынан беремін, тағы бір рет жақындасайық» деп жалынған. Алайда, Айман олай істей алмайтынын айтып, киіне бастағанда жігіт оны қылқындырған. Айман есінен танған соң Павел ас бөлмеден пышақ алып, келіншекке жеті рет сұғып алған. Көрші бөлмедегі бұл айғай-шуды естіген Света өз бөлмесінен шығып, Айманның мәйітін көргенде қатты айқайға басқан. Павел оны да бас салған», — деп жазады дереккөз.

Қашып құтылмақ болған Света Павелдің мойнын тырнап алған көрінеді. Алайда, қашып кетуге шамасы келмеген оны жігіт 14 жерінен пышақтап өлтірген.

«Екі әйелдің де жан тапсырғанын көрген жігіт түк болмағандай жуынып, шайынып, екі мүрдені бір бөлмеге әкеліп, бөлменің ішінен 32 мың теңге мен Айман есімді әйелдің ұялы телефонын алып кеткен. Әйелдердің мәйіті 7 қарашада табылған. Ал, полиция Павелді 8 қараша күні қолға түсірген. Ол кінәсін мойындап, екі адамды қалай өлтіргенін көрсетіп, пышақты да тауып берген», — деп жазады басылым.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының басында Тараздағы тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар екі әйелдің мәйіті табылған болатын. 

 

Последние новости

14.11.2024
Шымкентте 39 жастағы ана оныншы баласын дүниеге әкелді
14.11.2024
Ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
14.11.2024
«Үш сарбаз жабылып соққыға жықты дейді»: Жаркентте әскери бөлімше капитанының мәйіті табылды
14.11.2024
«Сүюге, құшақтауға тырысты». Күтуші ер адам 54 жастағы мүгедек әйелге тиіскен
14.11.2024
Ғылым министрлігі бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін зерттейді
14.11.2024
Шымкентте егіз жігіттер егіз қыздарға үйлену туралы ұсыныс жасады (ВИДЕО)
14.11.2024
Биыл жол апатынан екі мың адам қаза тапты
14.11.2024
«Ол зоопаркте отырған жоқ»: депутат Бишімбаевты қорғаштап, шыр-пыр болды (ВИДЕО)