«Ол зоопаркте отырған жоқ»: депутат Бишімбаевты қорғаштап, шыр-пыр болды (ВИДЕО)

2024-11-14 12:27:16

Сотталған адамның да құқығы болады дейді сенатор

«Тіпті жазасын өтеп жүрген азаматтың да құқықтары болады. Егер ол өзін жұртқа көрсеткенді қаламаса, оны ешкім мәжбүрлей алмайды, әрине. Дөрекі естілсе де айтайын, қанша дегенмен де күш құрылымының қызметкерімін ғой, бұл сіздерге хайуанаттар бағы емес. Ресми тұлғаларға сену керек», — деді Марат Қожаев Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Сенатор Бишімбаев Степногорск қаласында қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Бишімбаев түрмеде отырса да «журналистер хайп үшін бір аптадан бері осы мәселе төңірегінде шулап жүр».

«Оның қайда қамалғаны жұмбақ болмаған. Журналистер тексерілмеген ақпараттарды таратасыздар да бізге сұрақ қоясыздар. Ол ақпаратты Сенат таратқан жоқ, ҚАЖК таратқан жоқ. Оны біреу ақпараттық кеңістікке таратты, сіздер одан дау тудырдыңыздар. Ал, қазір анықталғаны, ол жазасын түрмеде өтеп жатыр», — деді Қожаев

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ бетінде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді. ІІМ мұны жоққа шығарып, жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, бұрынғы шенеунік азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатігездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған.

 

Последние новости

14.11.2024
«Өлетін жерім осы шығар деп ойладым»: блогер зорлана жаздағанын айтты
14.11.2024
«Гоголь мен Гегель, Фаризаның өлеңі, ұлт тәрбиесі»: «Қазақ аруына» қатысқан қыздар сұрақтан сүрініп, сынға қалды (ВИДЕО)
14.11.2024
Майқайыңда көз жұмған құтқарушының туыстарына 120 млн емес, 30 млн теңге ғана төленетін болды
14.11.2024
«Касперский зертханасы» жасыру функциялары жетілдірілген бопсалау бағдарламасын анықтады
14.11.2024
«Мама, бұл мен ғой, ақша аударшы»: алаяқтардың жаңа тәсілі әшкере болды
14.11.2024
Жаңаөзенде ереуіл: Бұрғылау компаниясының жұмысшылары басшылыққа 5 талап қойды
14.11.2024
Аймағамбетов дәрі-дәрмек пен тауарлар қымбаттауы мүмкін екенін айтты
14.11.2024
«Лаборатория Касперского» выявила программу-вымогатель с продвинутыми функциями сокрытия