«Гоголь мен Гегель, Фаризаның өлеңі, ұлт тәрбиесі»: «Қазақ аруына» қатысқан қыздар сұрақтан сүрініп, сынға қалды (ВИДЕО)

2024-11-14 10:27:47

Көпшіліктің пайымынша, қыздарға әртүрлі сұрақ түскен: кейбір сұрақтар өте жеңіл болса, кейбір сұрақтар өте күрделі болған. Басым көпшілік бұл әділетсіз деп отыр.

Мәселен, Ариан Худаштиан деген бойжеткеннің алған билетінде «Гоголь кім, Гегель кім? Еңбектерін білесіз бе?» деген сұрақ тұрған.

«Гегель — неміс ғалымы. Оның еңбектері философия тарихы. Ал, Гоголь…қобалжығандықтан есімнен шығып кетіпті. Пьессалары есімде жоқ», — деді ол.

Ал Жаңаарқадан келген Ақмарал Жақияға «Таяу Шығыстағы қақтығыстар жайлы ойыңыз қандай?» деген сұрақ қойылды.

«Таяу Шығыстағы қақтығыстар 10 жылдан бері келе жатыр. Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс та бұрыннан келе жатыр. Олар бір бітімге келуі керек деп ойлаймын. Бұл — өте күрделі мәселе», — деді ол.

Қарағандыдан келген Азиза Темірханға «Фариза Оңғарсынованың бір өлеңін оқып беріңіз» деген сауал түскен. Ол ақынның «Көктем» деген өлеңін оқып емес, әндетіп берейінші деді де әнді де, өлеңді де есіне түсіре алмай, абдырап қалды.

Ал, Шымкент қаласының атынан қатысқан Ұлшат Қуаныш интеллектуалдық сұрақтарға жауап беру кезінде қателесіп, ұятқа қалды. Аруға «қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі дегенді қалай түсінесіз?» деген сұрақ қойылған болатын.

«Меніңше, «қыз тәрбиесі» дегеніміз — қызды жанұясы тәрбиелейді деген сөз. Ал ұлт тәрбиесі деген сөз қоғам, бізді күнде көретін сыныптастарымыз бен достарымыз, бізді қоршайтын қоғам, яғни осылар ұлт тәрбиесі деп ойлаймын», — деді Ұлжан Қуаныш.

Видеоға пікір жазғандар оңай сұраққа жауап бере алмаған бойжеткенді сөккен.

«Оңай сұрақ түскен екен. Неліктен, қыз тәрбиесін ұлт тәрбиесі дейді? Өйткені қыз бала болашақ әйел, ана. Ақ сүтімен ұрпақ тәрбиелейді», — деген видео астына пікір жазған халық.

Еске салсақ, продюсер Баян Алагөзова өткізген «Қазақ аруы-2024» байқауында Қызылордадан келген Ақкербез Ысқаққызы жеңімпаз атанды.

 

Последние новости

14.11.2024
Майқайыңда көз жұмған құтқарушының туыстарына 120 млн емес, 30 млн теңге ғана төленетін болды
14.11.2024
«Касперский зертханасы» жасыру функциялары жетілдірілген бопсалау бағдарламасын анықтады
14.11.2024
«Мама, бұл мен ғой, ақша аударшы»: алаяқтардың жаңа тәсілі әшкере болды
14.11.2024
Жаңаөзенде ереуіл: Бұрғылау компаниясының жұмысшылары басшылыққа 5 талап қойды
14.11.2024
Аймағамбетов дәрі-дәрмек пен тауарлар қымбаттауы мүмкін екенін айтты
14.11.2024
«Лаборатория Касперского» выявила программу-вымогатель с продвинутыми функциями сокрытия
14.11.2024
Алматы облысында колония басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
14.11.2024
«Алмас өндірісіне инвестиция құйған»: Маңғыстауда  мыңдаған тұрғын сан соғып қалды