«Сүюге, құшақтауға тырысты». Күтуші ер адам 54 жастағы мүгедек әйелге тиіскен

2024-11-14 14:27:48

Hola News порталының мәліметінше, бұлшықет атрофиясымен ауыратын 54 жастағы бірінші топтағы мүгедек әйел денсаулығына байланысты хабарландырулар сайты арқылы өзіне күтуші іздеп, «Сарыжол» агенттігінің өкілімен 10 күнге 110 мың теңгеге келіскен.

Күтуші келісім бойынша әйелдің үйінде тұрып жүрген. Мүгедек келіншек, ер адам алғашқы күндері тыныш жүріп, кейін мінез шығарып, оғаш әрекеттер жасай бастағанын айтады. Сөзінше, күтушісі үйде іш киіммен жүруді, дауыс көтеріп, ұрсуды шығарған. Кейін “сені ұнатып қалдым деп” әйелді құшақтап, сүюге тырысқан.

“Ескертуіме, тиіспеуін өтінуіме құлақ аспады. Бөгде адамның тиісіп, әр жерініңді бір ұстағаны моральдық, психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Оның психологилық тұрғыда тұрақты емес екенін байқап, онымен жанжалдаспауға, тіл табысуға тырыстым. Мен оған тәуелді болдым, күнім соған түсіп тұрды. Ал ол маған ауыр сөздер айтып, сен мүгедексің, ешкімге керек емессің деп айтатын” дейді көзіне жас алған келіншек.

Ол ер адам өзін бір рет құлатып алып, жедел жәрдем шақырмағанын айтады. Салдарынан әйел омыртқасынан жарақат алып, отыра алмай, 220 мың теңгеге арнайы медициналық кереует сатып алған. Ал күтушіні жіберген компания оған моральдық, материалдық шығынды өтегісі келмейді.

Басылым келіншек болған жайт туралы «Сарыжол» агенттігіне, полицияға арыз түсіргенін, компания күтушінің жұмыс ақысын қайтарып беріп, учаскелік полициямен бірлесіп арызды қайтып алуға үгіттегенін жазды.

Алматы қаласы Жетісу ауданының полициясы аталған жайт бойынша тергеу бастаған.

 

Последние новости

14.11.2024
Ғылым министрлігі бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін зерттейді
14.11.2024
Шымкентте егіз жігіттер егіз қыздарға үйлену туралы ұсыныс жасады (ВИДЕО)
14.11.2024
Биыл жол апатынан екі мың адам қаза тапты
14.11.2024
«Ол зоопаркте отырған жоқ»: депутат Бишімбаевты қорғаштап, шыр-пыр болды (ВИДЕО)
14.11.2024
«Өлетін жерім осы шығар деп ойладым»: блогер зорлана жаздағанын айтты
14.11.2024
«Гоголь мен Гегель, Фаризаның өлеңі, ұлт тәрбиесі»: «Қазақ аруына» қатысқан қыздар сұрақтан сүрініп, сынға қалды (ВИДЕО)
14.11.2024
Майқайыңда көз жұмған құтқарушының туыстарына 120 млн емес, 30 млн теңге ғана төленетін болды
14.11.2024
«Касперский зертханасы» жасыру функциялары жетілдірілген бопсалау бағдарламасын анықтады