Ғылым министрлігі бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін зерттейді

2024-11-14 14:27:47

Саясат Нұрбек зерттеу жұмыстарына еліміздегі жетекші ғалымдар атсалысатынын айтты.

«Бізге денсаулық сақтау министрлігінен жекелеген ғылыми зерттеу жүргізуге қатысты өтінім келіп түсті. Бұл жұмысқа жетекші институттарымызды жұмылдырамыз. Медицина бөлігінде денсаулық сақтау министрлігінің институттары да атсалысады. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия алдағы уақытта отырыс өткізеді. Бұл мәселені сонда шешеміз. Оң шешім табылған жағдайда бірден конкурс жариялап, зерттеуге кірісеміз», – деді ведомство басшысы Саясат Нұрбек сенат кулуарында.

Ведомство басшысы зерттеу жұмыстарын жүргізуге қанша қаражат қажет болатынын нақты айтпады. Бірақ ол «өтініштер келіп түскенін және ары қарай қанша бөлінетіні туралы анықтайтынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін депутаттар уақыт белдеуі мәселесі мәжіліс отырысында қаралатынын айтты. 1 наурызда Қазақстанның барлық аймағы бір уақыт белдеуіне ауысты. Алайда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтар жарыққа көп шығындалатын болды. Наурызда ел тұрғындары ақпан айымен салыстырғанда электр энергиясын 364 млн кВт/сағат артық пайдаланған. Бұдан бөлек бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинағаны туралы жазған едік. Ал министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қанағаттандырмай қойды.

 

Последние новости

14.11.2024
Шымкентте егіз жігіттер егіз қыздарға үйлену туралы ұсыныс жасады (ВИДЕО)
14.11.2024
Биыл жол апатынан екі мың адам қаза тапты
14.11.2024
«Ол зоопаркте отырған жоқ»: депутат Бишімбаевты қорғаштап, шыр-пыр болды (ВИДЕО)
14.11.2024
«Өлетін жерім осы шығар деп ойладым»: блогер зорлана жаздағанын айтты
14.11.2024
«Гоголь мен Гегель, Фаризаның өлеңі, ұлт тәрбиесі»: «Қазақ аруына» қатысқан қыздар сұрақтан сүрініп, сынға қалды (ВИДЕО)
14.11.2024
Майқайыңда көз жұмған құтқарушының туыстарына 120 млн емес, 30 млн теңге ғана төленетін болды
14.11.2024
«Касперский зертханасы» жасыру функциялары жетілдірілген бопсалау бағдарламасын анықтады
14.11.2024
«Мама, бұл мен ғой, ақша аударшы»: алаяқтардың жаңа тәсілі әшкере болды