Шымкентте 39 жастағы ана оныншы баласын дүниеге әкелді

2024-11-14 14:27:48

39 жастағы Гүлбану Пірімқұлова салмағы 5 келіден асатын қыз баланы дүниеге әкелді. Қазір анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Көпбалалы отбасы Жанеля, Анеля, Мэлс, Айсана, Нұрислам, Айдана, Хан, Жасмина, Зере, Аяулым есімді 10 баланы тәрбиелеуде. Гүлбану 19 жасында тұрмысқа шыққан. Отасқанына жиырма жыл болған отбасының үлкені қазір студент атанған.

Ұлттық статистикалық бюроның хабарлауынша, биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам. Тоғыз айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құраған. 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамға жеткен.

 

Последние новости

14.11.2024
Ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
14.11.2024
«Үш сарбаз жабылып соққыға жықты дейді»: Жаркентте әскери бөлімше капитанының мәйіті табылды
14.11.2024
«Сүюге, құшақтауға тырысты». Күтуші ер адам 54 жастағы мүгедек әйелге тиіскен
14.11.2024
Ғылым министрлігі бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін зерттейді
14.11.2024
Шымкентте егіз жігіттер егіз қыздарға үйлену туралы ұсыныс жасады (ВИДЕО)
14.11.2024
Биыл жол апатынан екі мың адам қаза тапты
14.11.2024
«Ол зоопаркте отырған жоқ»: депутат Бишімбаевты қорғаштап, шыр-пыр болды (ВИДЕО)
14.11.2024
«Өлетін жерім осы шығар деп ойладым»: блогер зорлана жаздағанын айтты