Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Түркістан облысында тұрғындар санының 8%-дан астамының еңбекақысы күнкөріс деңгейінен де төмен. Абай, Жетісу, Маңғыстау облыстарында халықтың 7%-дан астамы аз жалақы алады.
Ал Атырау мен Қарағанды облыстарында және Астана қаласында жағдай салыстырмалы түрде жақсы. Аталған аймақтар мен елордада елдің тек 3%-ы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз айлықпен өмір сүріп отыр. Бұл – соңғы жарты жылдың статистикасы.
Экономист Бекнұр Қисықов халықтың тұрмыстық әл-ауқатын арттыру үшін шағын кәсіпкерлікке қолдау керек деп отыр.
“Біріншіден, өңірлерде өндіріс орындарын көп ашу керек. Екіншіден шағын кәсіпкерлікті аймақтарда, ауылдарда дамыту керек. Қазір мысалы Астана мен Алматы осының арқасында дамып жатыр. Шағын кәсіпкерлердің арқасында әлеуметтік ахуал жақсарады. Әр отбасының жағдай жақсарады”, – деді экономист Бекнұр Қисықов.