«Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заңының жобасы бойынша қорытынды әзірленетінін депутат Айгүл Құспан хабарлады.
– Аталған келісімшартқа Бішкекте қол қойылған. Ол Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды қарастырады. Ол халықаралық құқық субъектісіне ие болатын үкіметаралық ұйым болады. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай француз тілдерімен қатар БҰҰ ресми тілі мәртебесіне ие. Келісім тараптардың достығын, өзара түсіністігін нығайтуға бағытталған. Орыс тілін мемлекетаралық байланыс және коммуникация құралы ретінде ілгерілету қарастырылады. Комитет қорытынды әзірлеуге дайын, – деді Айгүл Құспан.
Құспан бұл мәселені бүгінгі күн тәртібіне енгізуді сұрады.
ҰЙЫМ ЖАЙЛЫ
Былтыр қазанда Қазақстан атынан президент Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру жөніндегі келісімге қол қойған. Содан кейін шыққан Үкімет қаулысы жобасында «орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру жөніндегі келісімді бекіту туралы» заң жобасы Парламент мәжілісі қарауына енгізілетіні хабарланған еді.
2022 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілін қолдау және дамыту бойынша халықаралық ұйым құру идеясын ұсынған. Ресей президенті Владимир Путин Тоқаевтың идеясы «Ресей оны қолдамай тұра алмайды» деді. Тоқаев 2023 жылғы Бішкектегі ТМД жетекшілері саммитінде орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы келісімге қол қоюды «тарихи шешім»