Эксклюзив: келесі жылы Қазақстанда Кореяның банкі ашылады (ВИДЕО)

2024-11-20 10:27:36

Қазір Қазақстан тарапы қаржы ұйымының нарыққа кіруіне рұқсат берген

 

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстан нарығына шетелдік банктерді енгізу туралы міндет қойған еді.

«Иә, сіз дұрыс айтасыз. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін біздің нарыққа үш шетелдік банкті кіргізу туралы мақсат қойды. Өздеріңіз естіген шығарсыздар, қазір «Береке банкті» Қатар банкі сатып алды. Енді ол Қатар банкі. Ал, екіншіден, биыл жазда, маусым айында біз Оңтүстік Корея банкіне келісім бердік. Бұл микроқаржы ұйымы Қазақстанда үш жылдан бері жұмыс істеп жатыр. Енді біздің ойымызша, келесі жылдың ортасына дейін олар дайындықты аяқтап, біз банк лицензиясын береміз деп ойлаймын. Бұл ұйымның Кореяда екі банкі бар», — деді Қизатов.

Ал, Қизатов атап өткендей, Қазақстан нарығына кіретін үшінші шетелдік банк араб қаржы ұйымы болады. Бұл ретте ол біздегі әмбебап банктерден ислам қаржыландыру терезесі ашылуы мүмкін екенін атап өтті.

«Ислам қаржылығы біз ойлағандай дамып жатқан жоқ. Сондықтан, біздің әмбепап банктерге ислам банкінің жұмыс істеуіне мүмкіндік береміз деп ойлаймын. Яғни, ислам қаржыландыруының терезесін береміз», — деді ол.