Бақытты елдің бастауы – бақытты отбасы. Осы орайда әр шаңырақ астындағы шаттықтың шайқалмағаны аса маңызды.
Бұл мақсатта мемлекетімізде ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заң қабылданған. Аталған заңнама аясында отбасы ошақ қасында әйелдерге қатысты күш қолданудың алдын алу мақсатында, 17-19 маусым аралығында ауданымызда «Сіздің құқығыңыз қорғалады!» атты акция өтуде. Акция барысында қарасайлық қыз-келіншектерге заң тұрғысында кеңестер беріліп, тұрғындар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда қандай органдарға хабарласу қажеттігі, күш көрсету құрбандарына қандай әлеуметтік жәрдем қарастырылғаны жайлы ақпараттандырылатын болады. Әсіресе, шара аясында шалғайдағы елді-мекендерде тұратын нәзік жандылардың құқықтық сауаттарын ашып, өз мүдделерін қорғауға шақыру көзделуде.
Яғни, аталған күндерде тұрмыстық қысымға ұшыраған әйелдер Қарасай АПБ ЖПҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Эльмира Есенбаевамен тікелей кездесіп, кеңес ала алады. Сонымен қатар, 8(727)7123564 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Бұдан бөлек 102, 112 нөмірлеріне тәулік бойы қоңырау шалуға болатынын ұмытпаңыз.