Қаскелең қаласындағы Майса көшесіне асфальт төселіп жатыр, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Мұндай қуанышты хабармен аталған көшенің тұрғындары бөлісті.
Зейнеткер Қаманшай Рахманның айтуынша, 2006 жылдан бастап үйлер бой көтере бастаған бұл көшенің тегістелуін тұрғындар көптен күтіпті. Бастапқыда әр үй ортақ қаражаттың басын құрап, тас төсеп алғандарымен, уақыт өте келе жол қайт шұрық тесікке айналған. Халықтың әкімдікке айтқан өтініші ескерусіз қалмады. Ауданның 90 жылдығына орай, қала әкімдігі бюджетінен қаржы қарастырылып, біраз көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Солардың қатарынан Майса көшесі де табылды.
Жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме "ДРСУ - 8" ЖШС жүзеге асыруда. Жарты шақырым жолға асфальт төселді. Көше тұрғындары бұл ретте Аудан әкімі Жандарбек Далабаевқа және қала әкімі Асқар Мұқашевқа алғыстарын білдірді.
Майса көшесіндегі қуаныш / 7?
2019-08-07 16:06:12
Последние новости
06.08.2019
Күн қатты ысиды / 6?
05.08.2019
Өрт пен судан сақ болуды ескертті / 13?
03.08.2019
Тұрғындар тазалыққа көңіл бөлмейді / 59?
02.08.2019
Достық көшесіндегі дау / 8?