Әкімдер бір күндерін толықтай халықты тыңдауға арнамақ , деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қарашада «Бірыңғай ұлттық азаматтарды қабылдау күні» жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады. Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.00-де барлық деңгейдегі әкімдер өз кеңселерінде қабылдау жүргізбек. Бұл ретте, атап айтсақ, Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев аудан азаматтарын жеке мәселелері бойынша әкімдіктің үлкен мәжіліс залында қабылдайды. Мүмкіндікті пайдаланғыңыз келсе, 8 727 71 2 90 66 телефоны арқылы алдын ала жазыла аласыз. Ал, Қаскелең қаласының әкімі А. Мукашевтың қабылдауы Қаскелең қаласы, Байғазиев көшесі, 68-үй мекенжайы бойынша өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /72771/ 2-11-79 телефоны бойынша жүргізіледі.
Әкімдер азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды / 8?
2019-11-16 10:12:28
Последние новости
14.11.2019
Мейірімді жандар мерекесі / 71?
06.11.2019
Ауданда жаңа тағайындау / 6?
06.11.2019
«Ат үстінде оңалту» - дара жоба / 5?
05.11.2019
Қаскелеңде инсульт орталығы ашылмақ / 4?