2019 жылдың төртінші қарашасынан бастап Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы Қарасай аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қаныбек Айтжанов 1964 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылында дүниеген келген. Білімі жоғары. 1990 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «мал дәрігері», 2008 жылы «заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы «ХХІІІ Партсъезд» атындағы кеңшар сүт кешенінің аға мал дәрігері болып бастады. Еңбек жолы әр жылдары Қарасай және Жамбыл аудандарына байланысты болды. Атап айтқанда, 2000 жылдан бастап аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы малдәрігерлік қадағалау бөлімінің басшысы. Ал, 2007-2012 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің көмекшісі, Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары , Қарасай ауданы әкімінің орынбасары болды. Кейіннен Текелі қаласының әкімі, Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымдарына тағайындалған. 2018 жылдың бірінші қазанынан осы уақытқа дейін Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.